Президент: «Дәрігерлер қауымының хатын оқыдым»

Oinet.kz 25-09-2019 1003

Картинки по запросу Тоқаев

Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың екі дәрігері қамауға алынған еді. Қамауға алынған дәрігердің әйелі Президентке ашық хат жазып, тергеудің Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң және дәлелсіз басталып кеткеніне шағым айтқан, деп хабарлайды OINET.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттер парақшасында хатты оқығанын мәлім етті.

"Мен Нью-Йоркте жүріп, Германияда науқастың қайтыс болуына байланысты Алматының 4-ші қалалық ауруханасының бас дәрігері мен анестезиологының ұсталуы туралы дәрігерлер қауымының хатын оқыдым. Бәрін заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Президент әкімшілігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімі бұл істі бақылауына алды", деген жазба шықты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың twitter-дегі парақшасында.

image.png

Ақан Сатаев неге Серік Сәпиев туралы кино түсіріп жатыр?
Мұғалімдер «бізге сыйлық қажет емес» челленджін бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу