Қостанайдан қару жасайтын цех табылды
Сурет zakon.kz сайтынан алынды
Қостанай облысынан жарамсыз қару-жарақты ұрыс қаруына айналдырып жасайтын шағын цех жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«29 тамызда Қостанай облысы Рудный қалалық сотында жарамсыз қаруды қайта жарамды қып жасайтын шағын цех ашқан Д.Басакин мен А.Стенинге ұрыс қаруы мен жарылыс заттарын заңсыз сатқандары үшін үкім шығарылды» – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, яғни "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды заңсыз сатып алу, оны біреуге беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру" және 291-бабы -"Қаруды, оқ-дәрілерді, жрылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды ұрлау немесе қорқытып алу" баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау мерзімдеріне сотталды.
Сурет zakon.kz сайтынан алынды
Сондай-ақ, бұл іске қатысты бір күдікті әлі ұсталмады, оған іздеу жарияланған.
2019 жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы операция өткізіп, жоғарыда аты аталған адамдардан салмағы 2 келі болатын "аммонит" жарылғыш затын, сондай-ақ жауынгерлік пистолетті өткізу кезінде ұстаған бюолатын.