«Диверсия белгілері анықталған жоқ» - Қостанай облыстық прокуратурасы
Қостанайдың жергілікті прокуратурасы орман өрті диверсия әрекеттерінен туындады деген нұсқаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда ормандағы өрттің өршу себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр. Прокуратураның мәлімдеуінше, отты абайсыз жандыру нұсқасы көбірек келетінін айтады. Бірақ әдейі өрт жандыру сынды нұсқалардың болу ықтималдылығын жоққа шығармады.
“Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл әрекет ауыр қылмыс және ерекше ірі қылмыс, біреудің мүлкін қасақана өртеу арқылы қорлау, сондай-ақ ормандарды қорлау болып саналады. Алайда бүгінгі күні қасақана өртеу немесе диверсия белгілері анықталған жоқ” – деп айтты Қостанай облыстық прокуратурасы басқармасының прокуроры Нұрсұлтан Сатубалдин.