Алдағы үш тәулікте ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді.

Oinet.kz 25-09-2019 1028

Картинки по запросу үсік жүреді

Еліміздің орталығы мен шығысында алдағы үш тәулікте ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамынша, Қазақстанның батысы мен солтүстігінде түнгі үсікке себепші болған суық антициклон шығыс бағытқа жылжуда. Сонымен бірге, Орал аудандарынан кезекті суық фронт ығысып келе жатыр. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады. Күшті екпінді жел тұрып, солтүстік облыстарда жаңбыр жылбысқы қарға ауысады.

 Өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындайды. Ал жексенбі күні барлық өңірлерде ауа температурасы нормадан 3…8°С төмен болады.

Қостанайдан қару жасайтын цех табылды
1,4 млрд теңге тұратын алтынмен көмкерілген үй сатылымда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу