Қыз алып қашқандар 15 жылға дейін бас бостанығынан айырылады

Oinet.kz 25-09-2019 1138

Картинки по запросу қыз алып қашқаны үшін

Таяуда Қордай аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының төрт тұрғыны қыз ұрлағаны үшін 7 жылға сотталған болатын. Ал автокөлік қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, мемлекет кірісіне алынды.Осы жағдайға байланысты Жамбыл облысының прокуратурасы қыз ұрлығы үшін 15 жылға дейін жаза күтіп тұрғанын еске салады, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ұзақ ойланбастан ол үйлену мақсатында өзінің үш танысымен келісіп, Қордай ауданына автокөлікпен келеді. Келген соң ұялы телефонға қоңырау шалып, қызға кездесуді ұсынады, бірақ ол бас тартқан. Жастар қыздың үй жағында күтіп, оны көшеде қарсы алады. Қыздың қарсылық көрсетіп, бас тартуына қарамастан, олар оны көлікке күштеп салып, Түркістан облысына жол тартады. Алайда полиция қызметкерлері оларды Тараз қаласының шыға берісінде ұстады» делінген хабарламада.

Енді облыс прокуратурасы қыз алып қашу сияқты ойланбай істеген іс-әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұрғанын еске салады. Бұл ретте ұрланған адамды өз еркімен босатқан адамның әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады

Алматы-Өскемен бағытында жол-көлік оқиғасы орын алды
Шымкентте Өзбекстаннан келген студенттер арасындағы жанжалдың мән-жайы анықталды(видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу