Алматы-Өскемен бағытында жол-көлік оқиғасы орын алды
Көрнекі сурет
Шығыс Қазақстан облысында бүгін таңертең Алматы-Өскемен бағытында жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ - ке сілтеме жасаған Oinet.kz
Алдын-ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі ұйықтап қалып, аударылуға жол берген.
Автобуста 23 жолаушы болған. Оның 14-і моңғолиялық және екі жүргізуші. Жол апатынан төрт адам жарақат алған.
"Көлік құралы техникалық тексерістен 17.06.2019 жылы өткен, техтексерістің мерзімі 17.12.2019 жылға дейін жарамды. Жол апаты аймағында жол белгілері дислокацияға сәйкес орнатылған", - деп хабарлады министрлік.
"К-Дорстрой" АҚ және Аягоз аудандық АІІБ-нің арнайы бөлімінің өкілдері оқиға орнына аттанған. Жол апатының себептері анықталуда.