Несие төлемін кешіктіру мерзімдері мен жазалары

Oinet.kz 20-09-2019 1097

Screenshot_6.jpg

Көрнекі сурет

Несие алған соң оны міндетті түрде қайтару керек. Басында несиесі бар немесе алуды жоспарлап жүрген әрбір адам қарызды өтеу мерзімін кешіктіру салдары неге әкеліп соғатынын білгені абзал. Осы орайда ВТБ (Қазақстан) банкінің мамандары айыппұлдардың қандай түрлері болатынын айтып, пайдалы кеңестерін бөлісті, деп жазады Oinet.kz ақпараттық-сараптамалық порталы Stan.kz-ге сілтеме жасап.

Несие мерзімін кешіктіру деген не? 

Әрбір несие келісіміне қол қою кезінде несиелік қарызды өтеу кестесі беріледі. Егер несиені алушы осы кестеде көрсетілген мерзімде міндетті төлемді төлемесе немесе төлем несие беруші белгілеген сомадан аз болса, бұл «мерзімін кешіктіру» деп аталады. Қаржы ұйымы тағайындалған мерзімнің соңғы күні кешке төлемді көрмесе, ол осы уақыттан бастап несиені мерзімі өткен деп санайды. Өткізіп алу мерзімі әртүрлі болуы мүмкін және қарыз алушының жазасы осыған байланысты болады. Несиені өтеу мерзімі 1 күн кешіктірілсе, банк аса назар аудармайды. Өйткені техникалық себеп болуы мүмкін. Бір ай не одан да көп мерзімі өтіп кетсе, жазадан қашып құтылу мүмкін емес. 

Несие төлемін кешіктіру мерзімдері мен жазалары 

Несие берушілер қарызды өтеу мерзімін кешіктіріп алған тұлғаларды жазалаудың әртүрлі әдісін қолдана алады. Нақты әдіс кешіктіру мерзіміне қарай таңдалады. 10 күнге дейінгі кешіктіру мерзімі техникалық болып саналады. Бұл пошта, басқа қаржы ұйымдары мен терминалдардың баяу жұмыс істеуіне байланысты пайда болуы мүмкін. Көп жағдайда жаза қолданылмайды, бірақ кешіктіру қарыз алушының несие тарихына тіркеледі. Егер мұндай оқиға келесіде қайталанбаса, онда  мұндай бір реттік кешіктіруде тұрған ештеңе жоқ.

Егер қарыз алушы міндетті төлемді енгізудің соңғы мерзімнен кейін 10 күн өткен соң, ең төменгі соманы несиелік шотқа аудармаса, несие айыппұлды есептеуді бастайды. Мұндай жаза 30 күнге дейінгі мерзімде барлық кешіктірілген несиеге қолданылады. Егер бұл несие келісімінде көзделсе, жазалау сомасы бірте-бірте ұлғайтылуы мүмкін. Әдетте осы кезде қарыз алушыға несиенің бар-жоғы және төлем мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұлды есептеу жөнінде банктен хабарлама келіп түседі. 

Айыппұл түрлері 

Уақытында қарызды өтемеу салдары неге әкеліп соғады? Қарыз беруші мынадай шараларды қабылдауы мүмкін: қоңырау шалу, хабарлама жазу арқылы қарыз төлеуді талап ету және жауапкершілік туралы ескерту. Қарыз туралы деректерді қарыз алушылардың қара тізіміне енгізетін несиелік бюроға беріледі. Бірнеше айыппұлды қарастырайық. 

банк

Қаржылай айыппұлдар

Пайыздар немесе белгіленген сома түріндегі айыпақы (айыппұл, өсімпұл), несиенің толық сомасын мерзімінен бұрын өтеу. Айыппұл мөлшері бойынша шектеулер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 35-бабында көрсетілген. Егер қарыз алушы несие бойынша 4 күнтізбелік күннен артық қарыз болып қалса, онда банк клиенттен бірінші күннен бастап мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5% мөлшерінде айыпақыны төлеуді талап етуге құқылы. Қарызды өтеу мерзімі 90 күннен асып кетсе, мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімінен бұрын толық өтеу туралы талап сомасының 0,03% мөлшерінде, бірақ шарт қолданылатын әрбір жыл үшін несие сомасының 10%-нан аспайтын мөлшерде талап ете алады.   

Сондай-ақ, қарыз алушының шарт жасасу кезінде жалған ақпарат бергені, құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға таратқаны, сондай-ақ, ақша қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл салынады. 

Банктік шоттардан ақшаны ұстап қалу. Егер шартта банктің қаражатты есептен шығару құқығы туралы жазылмаса, онда несие берушінің мұны жасауға құқығы жоқ. Сол себепті шартқа қол қоятын кезде әрдайым барлық тармақты оқып, назар аударыңыз. 

Несиені төлеу мерзімін кешіктірген клиент жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер алатын шоттардан қарыз есебінен ақша аударуға жол берілмейді. Бірақ айлық алатын шоттан ақша алуға рұқсат етіледі. 

Мүліктік айыппұлдар

Егер кепілзатты несие болса, қарыз алушы кепіл заты саналатын жылжымайтын немесе жылжымалы мүлігінен айырылуы мүмкін. Несие берушінің бұл мүлікті сатуға құқығы бар.

Алматыда апалы-сіңлілер 25 жыл құжатсыз жүрген
Қамбар батыр шылым шегіп, араққа әуес болған ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу