«Дети солнца». Елімізде ерекше жаратылған балалар туралы кинокартинаның тұсауы кесілді
Ерекше жаратылған балалардың тағдыры туралы драманың тұсаукесері өтті. «Дети солнца» лентасы жас режиссер Нияз Әбдіғапардың толықметражды үшінші туындысы. Фильм сал ауруы, аутизм және даун синдромы сынды ауыр дертке шалдыққан балақайлардың тағдырына негізделген, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Ревю арнасына сілтеме жасап.
«Әрине, комедия көрерменге өтімді. Дегенмен, күрделі жанрдағы картиналарды да керек ететін жандар жетерлік. Прокатта табысты болады деп айта алмаймын. Дегенмен, біздің фильмді асыға күткен көрермен қатары мол болса деген тілегім бар. Шынайы оқиғаға негізделгендіктен, қызығушылық тудыратын шығар», - дейді режиссер Нияз Әбдіғаппар.
Кина саласының қоржынына енген шынайы оқиғаны баяндайтын фильмде Шәріп Серік, Азиз Бишеналиев және Нияздың өзі бас кейіпкерлерді сомдаған.
«Дәл осындай оғиғалар тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті. Біз сияқты дені сау, баршылықта өмір сүретін адамдар, ерекше жаратылған балалар жайлы ұмытпау қажет. Қолдан келгенше көмектесуге міндеттіміз. Біз оны кино арқылы жеткізсек те, оның да үлесі зор», - дейді актер, каскадер Ерден Төлемісов.
Кинокартинада Шәріп Серік ауру бауырына шипа іздеп, жанын салып жүрген құрылысшының ролін сомдайды.
«Бізде,көп адамдар, кино түсіріп байып кеткісі келеді ғой. Халыққа танымал болғысы келеді. Дегенмен де, бұндай кинолар керек. Бізде жалпы проблемалар көп», - дейді Шәріп Серік.
Үлкен экрандарда "Дети солнца" драмасы 19 қыркүйектен бастап көрсетеді. Туындыдан түскен қаражаттың тең жартысы қайырымдылыққа жұмсалсақ.