Әбдірахымовты сынға алған Көшербаев Президент әкімшілігі жетекшісі қызметінен кетті
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын", - делінген президент қаулысында.
Ал бұған дейін еліміздің мемлекеттік хатшысы болған Марат Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылған.
Естеріңізде болса, Қырымбек Көшербаев Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты "оған деген биліктің артқан сенімі түгесілді" деп сын айтып, қызметінен босатқан болатын.