Балаға айдар қоюдың мәні неде?

Oinet.kz 18-09-2019 2032

Screenshot_12.jpg

Қазақта балаға не үшін айдар қояды? Бұл туралы ҚазҰУ-нің профессоры, этнолог-ғалым Тәттігүл Қартаева түсіндіріп өтті, деп хабарлады Sputnik-ке сілтеме берген Oinet.kz.

"Қазақ халқы кішкентай баланы тіл-көзден сақтау үшін оған айдар, тұлым, желке шаш қойған. Айдар, тұлымды қыз балаға да қойған. Ұл баланың айдары төбесінен қойылған немесе желке тұсынан бір ғана шаш қалдырған. Оны "желке шаш" дейді.

Кейін бұл шашты өсіріп, өрген. Айдар, тұлымды, желке шашты бала сүндеттелгенге дейін немесе алғашқы мүшел жасқа (13 жас) дейін алмаған", – дейді Тәттігүл Қартаева.

Ол сондай-ақ қазақтардың айдар, тұлым мен желке шашты кез келген балаға қоймағанын атап өтті.

"Егер баласы көп шетінесе, бірнеше рет түсік жасаса, бесікте жатқан сәби аурушаң болса, "көз тимесін" деп айдар, тұлым, желке шаш қойған. Сондай-ақ әйел кілең ұл туып, соңында қыз баланы дүниеге әкелген кезде, "тіл-көзден сақтасын" деп сәбиге тұлым қойған. Қыздың тұлымы екі самайынан қойылған. Оның айдар, тұлымын түбінен кесіп тастамаған", – дейді ғалым.


Cыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендету басты назарда
Әбдірахымовты сынға алған Көшербаев Президент әкімшілігі жетекшісі қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу