Байбек университеттерде жемқорлықты қалай жоюға болатынын айтты

Oinet.kz 13-09-2019 1379

Картинки по запросу байбек бауыржан

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға айрықша мән беріп отырғандықтарын айтты.

Сонымен қатар, Байбек «Адал білім» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан Қазақ гуманитарлық заң университетінің жаңа жобаларымен және коворкинг-орталығымен танысты.   

Университет ректоры Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа алып келуі мүмкін жағдайларды азайту мақсатында бүгінде оқу орнындағы барлық қызмет онлайн түрде көрсетіледі.  

- Цифрландыру – сыбайлас жемқорлықпен күресудің және оны жоюдың, жариялылық пен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Бүгінгі таңда бұл университетте студенттерге оқытушыларды өздері таңдауға, олардың жұмысын жасырын түрде бағалауға жағдай жасалған. Бұл өте маңызды. Өйткені, жастар өздерінің әрбір ісі үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Біз жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға айрықша мән беріп отырмыз. Себебі, егер адам жас кезінен бастап әділетсіздік көретін болса, оның өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптаспайды, – деді Бауыржан Байбек.   

Кездесу соңында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары университет ректоры Талғат Нәрікбаев пен өзінің «Nur Otan»-ның қатарына өткісі келетіні туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазған осы оқу орнының түлегі Ерлан Төлегеновке партиялық билеттерін табыс етті.

«Бақытты отбасы» 281 отбасын баспанамен қамтыды
Атырау облысында мұнайды 2,9 млрд теңгеге заңсыз сатқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу