«Бақытты отбасы» 281 отбасын баспанамен қамтыды

Oinet.kz 13-09-2019 971

Картинки по запросу домик на руках

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі хабарлауынша, жоба аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 4 875 өтінім қабылдады. 

Атап айтсақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасына Нұр-Сұлтан қаласынан 829 өтінім, Алматыдан 640 өтінім және Ақтөбеден 555 өтінім беріліп, тұрғындары белсене қатысуда.

"Бүгінде қабылданған өтінімдердің 2 200 бойынша 23,1 млрд теңге сомасына несие беру жөнінде оң шешім шықты. Қазіргі сәтте осы отбасылар өздерінің болашақ пәтерлерін іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 3 ай уақыт беріледі. Пәтерді жаңа салынған немесе қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ, жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады", - делінген хабарламада.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 281 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын атап өтті.

Бағдарлама бойынша ең көп баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлағандар – Нұр-Сұлтан, Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары.

Алматы облысында жалған 10 мыңдықтар жасалған
Байбек университеттерде жемқорлықты қалай жоюға болатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу