Алматы облысында жалған 10 мыңдықтар жасалған

Oinet.kz 13-09-2019 915

image.png

Алматы облысында жалған ақша жасалған, деп хабарлайды Oinet.kz облыстың экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Талғарда 10 және 5 мың теңге номиналдағы ақша купюраларын дайындайтын жасырын цехты ұйымдастырған 30 жасар ер адамды ұстады. --- Осы факті бойынша департамент ҚР ҚК 231-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Сонымен қатар, Алматы облысының сауда орындарында жалған ақша қаражатын өткізу фактілері анықталды, - деді Алматы облысы экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі Айнұр Ыдырысова. 

Оқиға орнында түрлі-түсті көшіру аппараты, қағаз, лак, бояу, сия және ақша купюраларының үлгілері табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Дулат Исабеков: «Қайраттан да мықты әншілер көп»
«Бақытты отбасы» 281 отбасын баспанамен қамтыды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу