Дулат Исабеков: «Қайраттан да мықты әншілер көп»

Oinet.kz 13-09-2019 1311

Screenshot_4.jpg

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, танымал жазушы Дулат Исабеков тілшілерге берген сұхбатында әншілерге көңілі толмайтынын айтты, деп жазады Oinet.kz ақпараттық-сараптамалық порталы, Жұлдыздар журналы басылымына сілтеме жасап. 

«Бұрын Алматы да мәдени орта қалыптасып, кемеліне келген болатын. Халықтың талғамы биік еді. Қазір керісінше. Мәселен. Қайрат Нұртас деген жас әнші шықты. Егер, ол шақыру берсе, концертіне барам ба, бармаймын ба, ойланатын едім. Өйткені, қазақта, одан да мықты, кәсіби әншілер жетерлік. Ал, қазір ортақол әншілердің дәурені жүріп-ақ тұр. Оның себебі неде?  Себебі, жарнамадан. Жарнама, ақшасы бар, ортақол әншілерді жаппай көрсетеді. Соларды әспеттейді. ауылдағы елдің әңгімесі де солай. «Анау әншінің екі әйелі бар екен», «Анау бір әнші пәленшенің тоқалы екен» деп отыратын болыпты. Бұрынғы ел мен жердің шежіресін шертетін ақсақалдардың әңгімесі жоқ. Ел - теледидардың құлы, теледидар - ортақол әншілердің құлы»,- дейді жазушы. 

Қытайлықтар маймылдар мен адамдарды будандастыруда
Алматы облысында жалған 10 мыңдықтар жасалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу