Парламент сенатының депутаты: «Педофилдер мен азғындарға өлім жазасын беруіміз керек»
Парламент сенаты депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстандағы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы мәлімдеме жасады. Оның ойынша, қылмыс жасаған тұлғалар өлім жазасына кесілу керек, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі
"Әйелге зорлық-зомбылық көрсету, әйел зорлау, әсіресе жас балаларды зорлау, болмаса балаларды, адамды ұрлап алу мәселелері ауыр қылмыстардың қатарына жататын қылмыстардың бірі. Біздегі Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке орай, бұларға берілетін жаза әлі де болса жеңілдеу.
Алдыңғы жылдары бір топ сенаторлар осы мәселені көтергенбіз. Ауыр қылмыстың қатарындағы қылмыстарға өлім жазасын беру туралы айттық. Бірақ, өкінішке орай, қолдау таппады. Сондықтан, мен парламент мүшесі ретінде балаға жасалатын ауыр қылмыстарға, әйелдерге, қыз балаларға жасалатын ауыр қылмыстарға біз өлім жазасын беруіміз керек деп есептеймін",- деді Мұрат Бақтиярұлы.