Жігіттер квартетінің продюсері құмар ойынға салынудың пайдасын айтты
Танымал қазақстандық әнші, "Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымов бірнеше жыл бұрын құмар ойындарға тәуелді болып, 200 мың долларға дейін қарызға кіргенін айтты. Осы орайда, ол алғаш рет қазақстандық ер-азаматтарға сабақ болсын деген ниетпен басынан өткен оқиғасын баяндап берді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі. Бағлан Әбдірайымов құмар ойындарға тәуелділіктің қызығушылық пен ұтыстан басталатынын айтады. Бастапқыда көп ұтысқа ие болғаны соншалық, кей казино оны ғимаратына кіргізуден бас тартқан. Әнші құмар ойындарға деген қызығушылығының Шымкент қаласында оқып жүргеннен басталғанын жасырмады. Күнделікті дүкенде тұрған автоматқа ақша салып ойнайтын болған екен, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі
"Мен казинодағылар үшін ыңғайыссыз ойыншы болдым. Өйткені, 500, 1 000 доллармен келіп ойнап, ұтылмай қайту деген қағидам бар еді. Бір кездері лотореядан жаңа Tayota Carolla көлігін де ұттым. Әдетте казиноға "Бүгін 500, 1 000 доллар ұтсам жетеді" деп барасың да ойламаған жерден 5-7 мың доллар ұтып кетесің. Тіпті, 25 мың доллар ұтатын кездер де болады. Анау-мынауды есептемегенде ойынға деп 80 мың доллар ұстап жүрдім", — дейді Бағлан Әбдірайымов
Әнші осылай ұтысқа ие болып қана қоймай, казинода жарты немесе бір сағат қана ойнайды. Ал казино үшін бұл тиімсіз болған. Алайда көп ұзамай бұл уақыттың ұзара түскенін айтады.
Әншінің продюсері Бағланның құмар ойынының пайдасы туралы айтты.
«Біз бір машина мініп жүргенде Бағлан 2-3 машина мінетін», - дейді Ерғали Әбдірайымов.