Білім басқармасының басшысы неге еден жуып жүр

Oinet.kz 10-09-2019 1129

89FF7495-6A8F-4B7E-9ADA-E8E0CC6621D5.jpeg

Ел астанасындағы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин оқушыларға үлгі көрсету үшін өзінің Фейсбук парақшасында өз кабинетінде қалай еден жуғанын айтып берді. #өзіңненбаста эстафетасын бастаған Жанғозин бұл жұмысқа небәрі 15 минут қана уақыттың кететінін айта отырып, қалалық әріптестерін де техникалық қызметшілерге көмектесуге шақырды. Бұл әрекетімен ол оқушылардың оқу орындарын тазалауын қолдайтынын білдірді.

«Бұл әр оқушы еден жусын деген сөз емес. Бұл бастама балаларға өзгенің жұмысына құрметпен қарауды, қоршаған ортаны таза ұстап, аялауға үйрету үшін жасалуда. Әрине, әркімнің өз еркімен», - дейді білім басқармасының басшысы.

Балаларынан уақытша бас тартқан ана перзенттерін бірде-бір рет іздеп келмеген
Дима Билан концертке мас күйінде келіп, халықтың ашуына тиді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу