Балаларынан уақытша бас тартқан ана перзенттерін бірде-бір рет іздеп келмеген

Oinet.kz 10-09-2019 1282

image.png

30-мамыр күні «Астарлы ақиқат» бағдарламасында күллі көрермен алдында перзенттерін асырай алмағандықтан олардан бас тартқа ана туралы шығарылым болған еді. Балаларды өз қамқорлығына алған Зульфия Төленованың айтуынша, аналары мүлдем іздеп келмеген, тек бір рет ішіп алып хабарласқан, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тараздағы балалар үйінің жетекшісі Зульфия Төленова бағдарламаға берген сұхбатында балалар алғашында жасқанып жүргенін айтты. Дастарханда отырып жүрген бала мен дастарханда мүлдем отырмаған балалардың арасында үлкен айырмашылық болған екен.

«Басында кішкене қиыншылықтар болды. Балалар жасқанып жүрді. Қазір Аллаға шүкір, «анашым» дейді барлығы мені», - дейді бірнеше баланы қамқорлығына алған ана.

Ал үш баласын тастап кеткен Қапиза Шумаева балаларын жағдайына мүлдем алаңдамаған секілді.

«Келіп балалардан ешқандай хабар алған жоқ.  Тек бір рет телефонмен маған ауыр сөздер айтып, балағаттап, енді ішіп алған. Мен ол кісіні кінәламаймын. Өйткені, ол шындығын айтып, таза жерге, тәрбиелі жерге бергісі келетінін айтқанына ризамын», - дейді Зульфия Төленова.

ҚарМу-дың ректорына 5 мың доллар пара берді деген айып тағылды
Білім басқармасының басшысы неге еден жуып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу