Пармановтың орны бұрынғы орынбасарына бұйырды

Oinet.kz 06-09-2019 1586

5d72156bd32ba.jpg

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу бесінші сессиясы өтіп, Шымкент қаласы Абай ауданының жаңа әкімі тағайындалды. Жаңа лауазымға тағайындалған Ғалымжан Әнуарұлы 1983 жылы бұрынғы ОҚО Ленин ауданында туған.

- 2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін экномист, 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін құқық бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

- Еңбек жолын 2006 жылы Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.

- 2006-2012 жылдар аралығында Қазығұрт аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы;

- ОҚО қаржы департаменті денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінің бас маманы;

- ОҚО қаржы департаменті бюджеттің атқарылуын үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы;

- ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және ақпаратттық технологиялар бөлімінің бас маманы;

- ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау;

- ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, бюджет және мемлекттік сатып алу мониторингі бөлімінің меңгерушісі;

- 2012 жылдың мамыр айынан бастап ОҚО Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары лауазымын;

- 2017 жылдан осы уақытқа дейін Төлеби ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Абай ауданының экс-әкімі Бұхарбай Парманов 2016 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың шілде айына дейін Төлеби ауданының әкімі қызметін атқарғаны белгілі. Демек Бұхарбай Пармановтың орны өзінің бұрынғы орынбасарына бұйырды.

Қазақстанда өлім жазасының күшін жою ұсынылуда
Дүкеннен майонез сатып алған Алматылық тұрғын 1 миллион теңге ұтып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу