Қазақстанда өлім жазасының күшін жою ұсынылуда

Oinet.kz 06-09-2019 1120

Похожее изображение

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен қоғамдық сенім Ұлттық Кеңесінің отырысында саясаттанушы Айдос Сарым Қазақстандағы өлім жазасының күшін жоюды ұсынды, деп хабарлайды Oinet.kz сайтының тілшісі.

Саясаттанушы «Қазақстанда өлім жазасына мораторий 2003 жылдан бастап енгізілген, балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру бар», - деп мәлімдеді. Бұл ретте теориялық тұрғыдан мораторийді кез келген уақытта алып тастауға болады.

Сарымның айтуынша соңғы уақытта қоғамда педофилдерді өлтіруге немесе сыбайлас жемқорларды атып тастауға шақырулар, осылай-осылай "алаңдардағы адамдарды атуға дейін жетуге болады».

"Қылмыс әртүрлі деңгейде ауыр болуы мүмкін. Соңғы уақытта педофилдерді өлтірейік, сыбайлас жемқорларды ату керек деген пікірлер айтылып жүр. Бүйте берсек көшедегі адамдарды атуға дейін баратын шығармыз.", - деді сарапшы.

Айдос Сарым халықаралық пактіге қосылып, соған сәйкес терроризм және басқа да «қорқынышты қылмыстар» үшін өмір бойы қамауға алуды ұсынды.

Қазақстанның 16 қаласында пәтер бағасы қымбаттады
Пармановтың орны бұрынғы орынбасарына бұйырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу