5 жыл уақытын құлдықта өткізген қарағандылықты ағасы құтқарған

Oinet.kz 06-09-2019 997

Картинки по запросу в рабстве женщина

52 жастағы ер адам өзін ұрып-соғып, құлдыққа салған қожайынынан бірнеше рет қашуға тырысқан. Бес жыл құлдықта болған Қарағанды облысының тұрғынын ағасы құтқарып алды. Әбден жүдеген, үсті-басы кір-кір, киімінің сау тамтығы жоқ інісін мал бағып жүрген жерінен алып кетпек болғанда қожайындары жетіп келіп, қоқан-лоққы көрсетіпті, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Олар бірден полицияға хабар беріп, шұғыл топ бір жарым сағаттан соң келген.

Бес жыл құлдықта болған Нарынбет Жұмағұловтың айтуынша, 2012 жылдан бері әркімге жалданып жұмыс істейді.

2014 жылы жинаған тиын-тебенімен үйіне қайтпақ болғанда, екі полиция қызметкері келіп, фермаға барып жұмыс істеуді ұсынған екен. Нарынбет бірден келісе кетеді.

Оның сөзіне сүйенсек, полиция қызметкерлерінің бірі сол ферма қожайынының ұлы көрінеді, алайда ол кейін ішкі істер органынан жұмыстан шығып кетіпті. Мұны полиция департаменті де растап отыр. Ал енді бұрынғы әріптестері жұмысқа алған ер адам сол бойы фермадан шыға алмаған. Нарынбет екі рет қашып та көріпті.

"Ұстап алып, көк ала қойдай қып сабады. Екі рет қаштым, екі ретінде де өздері ұстады", – дейді ол.

Осыдан кейін ферма иелері ер адамды күнде ұрып-соға бастайды. Бір жолы тіпті атпен де сабаған.

Оқиғаға байланысты полицейлер "Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру" бабы бойныша іс қозғады.

"Жәберленушінің айтқанын жан-жақты тергеу мақсатында Қылмыстық кодекстің 126-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ішкі істер министрлігі және департамент басшылығының бақылауында", - деп мәлімет берді Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

Айта кетсек, бұл бап бойынша айыпталушының үш жылға дейiн бас бостандығы шектеліп немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал Нарынбетті іздеп, талай фермаға барған туыстары сонда жүрген жұмысшыларды полицияның тексергені жөн деп санайды, өйткені құлдықта жүргендерге сырттан көмек келмесе, қожайындарынан құтылу мүмкін емес көрінеді.

Мектепте мұғалімдер жалған дипломмен сабақ беріп жүр
Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке салу үшін алып қашқан екі адам сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу