Бірғаным Әйтімова: «Барлығыңыздың алдарыңызға осындай кез келеді»

Oinet.kz 03-09-2019 1026

сенатор.jpg

Депутаттық өкілеттігін тоқтатқан экс-депутат Бірғаным Әйтімова мінберге шығып сөйлеген сөзінде осылай деді. Ол өзін қошеметпен шығарып салған әріптестеріне, Елбасына және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

"Барлығыңыздың алдарыңызға осындай кез келеді. Бүгін болмаса, ертең. Ертең болмаса, бес-алты жылдан кейін. Бірақ, ең бастысы, бәріңізге осындай сыйластық көрсеткендеріңіз үшін басымды иемін", – деді ол.

"Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы, құрметті әріптестер! Біздің ізімізді басып келе жатқан әріптестер! Сіздер болмасаңыздар, біз әлі қалар едік. Сіздерді құттықтаймыз", – деп әзілдей отырып, Дариға Назарбаеваны жоғары палатаның төрағасы болып сайлануымен құттықтап, гүл шоғын сыйлады.

Митинг в Жанаозене: что потребовал народ?
Шымкенттің барлық білім беру мекемелерінде бірыңғай адалдық сағаты өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу