Шымкенттің барлық білім беру мекемелерінде бірыңғай адалдық сағаты өтті

Oinet.kz 03-09-2019 971

Screenshot_1.jpg

«Парасаттылық» сөзі адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттерді қамтиды.

Осы құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті білім басқармасымен, жоғары оқу орындарымен, колледждермен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептермен бірлесіп бірыңғай адалдық сағатын өткізді.

Іс-шарада студенттер мен оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды.

Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Білім беру мекемелерінде дәріскерлер ретінде қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, әкімдік пен білім басқармасының, "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторинг тобының, "Нұр Отан" партиясы филиалының өкілдері, сондай-ақ оқу орындарының басшылары сөз сөйледі.

Screenshot_2.jpg

Осы орайда, Департамент басшысы А. Жұмағали М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Департамент басшысы "Парасаттылықты бүкіл қоғамның ортақ күш-жігерімен қалыптастыру керек. Бүгінгі таңда Сіздердің әрқайсыларыңыз уақыттың мақсатын терең сезініп, формуланы нақты ұстануларыңыз қажет: Парасаттылық-ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамның өмір сүру нормасы. Жастар-болашақ Қазақстанның негізгі қозғаушы күші, аға ұрпақтың лайықты ауысуы" деп атап өтті.

Университет студенттері жастар арасындағы парасаттылық қағидаларын жүзеге асыру және елдің болашағы туралы ойларымен бөлісті.

Студенттермен осы тұрғыдағы кездесулер Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде және Silk Way Халықаралық университетінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Т. Серікбаев пен Департамент басшысының орынбасары Қ. Қабылбековтың қатысуымен өтті.

Айта кету керек, Шымкентте 10 ЖОО, 29 колледж және 144 мектепте бірыңғай адалдық сағаты өтті.

Бірғаным Әйтімова: «Барлығыңыздың алдарыңызға осындай кез келеді»
Тоқаев: «Ұлттық қор – келешек ұрпақтың қаржысы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу