«Менің еш кінәм жоқ» - Елжан Біртанов

Oinet.kz 21-04-2021 5289

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта өзін босатуды сұрады. Бүгін сот отырысында оның үй қамағы мерзімін ұзарту туралы іс қаралды.

Елжан Біртанов.jpg

2020 жылдың қарашасынан бері үй қамақта отырған Елжан Біртанов бүгін сотқа қатысты. Күдіктінің адвокаттары соттан оны босатуды сұрады. Олар осы уақытқа дейін бұрынғы министрдің кінәлі екенін дәлелдейтін бір де бір дерек табылмағанын алға тартты. Сондай-ақ, қазір тергеу көптеген заңбұзушылықтармен өтіп жатқанын айтты. Қорғаушы тарап әлі күнге дейін сандық медициналық платформаларды әзірлеумен айналысқан шетелдік компаниялардың өкілдерінен жауап алынғанбағанына күмән келтірді. Бұл айыптаудың негізгі бағыттарының бірі болатын. 

Елжан Біртанов бүгінгі сот отырысында өзінің кінәсіз екенін айтты. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және соттан оны босатуын сұрады.

- Менің еш кінәм жоқ және өзіме тағылған айыппен келіспеймін. Құрметті судья, мені босатуыңызды сұраймын. Себебі мен қазір қамауда отырғанымнан гөрі бостандықта жүрсем, эпидемиямен күресуде қоғамға көбірек пайдамды тигізер едім. Менің денсаулық сақтау, медицина саласында жиған көп жылдық тәжірибем жеткілікті. Сондықтан эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін, — деді Елжан Біртанов.

Прокурорлар экс-министрдің үй қамақ мерзімін мамыр айының соңына дейін ұзартуды сұрады. Олардың айтуынша, Елжан Біртановтың қазіргі қамауға алу мерзімі сәуір айының соңында аяқталады. Соған сәйкес, Біртанов бостандықта жүрсе, тергеуге қысым көрсетуі мүмкін.

«55 жаста зейнетке шығу керек» - депутат Смайылов
Бас санитар дәрігерге Nur Otan төсбелгісін тақпағаны үшін сөгіс жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу