Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстанның тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Oinet.kz 31-08-2019 1160

VGiBjv15126417421216_b.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке жолдаған құттықтау жеделхатында Өзбекстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор жетістіктерін және көпғасырлық достық пен ортақ тарихқа негізделген қазақ-өзбек диалогының қарқынды дамуын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстардың жемісті сипатына ерекше мән беріп, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары боларына сенім білдірді.

"Біздің бірлескен жұмысымыз бауырлас елдеріміздің көпқырлы стратегиялық серіктестігін одан әрі кеңейтуге кепіл болады деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Алматының әкімі: «Ауылдан келген жастар базар жағалап, әңгіме айтады»
Әлия Назарбаева жаңа мектепке 15 млн. теңгеге сый жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу