Әлия Назарбаева жаңа мектепке 15 млн. теңгеге сый жасады

Oinet.kz 01-09-2019 6015

Screenshot_3.jpg

Фото: Спутникньюс

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин елордада Абай Құнанбаев атындағы № 87 мектеп-гимназиясын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елордадағы мектептің ашылу рәсіміне, сондай-ақ, экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысты.

Олар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ашылған "Абайтану" кабинеті мен мектеп мұражайын аралады.

Screenshot_5.jpg

Әнуар Жанғозин жаңа мектеп 900 балаға шақталғанын атап өтіп, мұндағы оқушылар қаладағы үш ауысымды №16 және №5 білім ордаларынан ауысқанын айтты. Абай атындағы №87 мектеп қазақ тілінде білім береді.

Ал STEM академиясының ғылыми зерттеулер бойынша директоры Мағжан Қыстаубаев Әлия Назарбаеваның қоры №87 мектепке қандай сыйлық жасағанын айтты. Қор мектепке 15 миллион теңгенің кабинетін сыйға тартқан.

Screenshot_4.jpg

"Бұл кабинетте оқушылар барлығын виртуалды түрде көреді. Мәселен, физика, химиядан эксперимент жасасаң, мұндағы компьютерлердің көмегімен барлығын анық көруге болады. Тіпті, адам ағзасын көруге мүмкіндік бар. Бұл кабинетті жөндеуге, мұндағы құрал-жабдықтарға 15 миллион теңге жұмсалды. Кабинетте 10 ноутбук, интерактивті панель бар. Ноутбуктар Америкадан әкелінді. Әрбіреуінің құны – 1,5 миллион теңге. Қаржыны Әлия Назарбаеваның қоры бөлді", - деді Қыстаубаев.

Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстанның тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
9 жасар аяқсыз қыз Нью-Йорк сән апталығына қатысады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу