Өзгелерге тәуелсіздік сұрап, өз еліміздегі «ұйықтап» жатқан «шұбар жыландарды» оятып алмайық

Oinet.kz 04-07-2022 1298

Көрші елдегі жағдайға «ұрандап» пікір білдірмес бұрын, өзіміздің мемлекетте де автономия құрып, тәуелсіз республика болуды армандап жүрген ұлттар мен ұлыстар бар екенін ұмытпау керек!

Screenshot_4.jpg

Өзбекстандағы жағдайдың ушыққаны — дұрыс емес, оған біз дипломатиялық бейтараптық  көзқарасты ұстануымыз керек! Өзгелерге тәуелсіздік сұрап, өз еліміздегі «ұйықтап»  жатқан «шұбар жыландарды» оятып алмайық! Осы уақытқа дейін Алматының бірнеше ауданына Қытайдан ұлтын ауыстырып көшіп келіп,  қоныстанғандар қазір шоғырланып отырғандарын да ұмытпауымыз керек! Оған Мәсімовтың зор үлесі тиді де!

Айтайын дегенім, көрші елге жандарың ашып «атойлап» отырып, өз жерлеріңнен айырылып қалмаңдар! Алпауыт елдер БІЗ сияқты көп ұлтты мемлекеттерді жақсылап зерделеп, жанды жерлеріміздің бірі — ұлтараздық қақтығыс екенін жақсы меңгерген. Кешелі бері жекеме шығып

«Айгүл ханым, неге үнсіз отырсыз, көрші елдегі жағдайға неге пікір білдірмейсіз?»,- деп жатқандарға айтарым, ұрандап, көкірек қағып пікір білдіруде абай болыңыздар! Сақтық керек! Сонда ғана сақтайды! Қай қоғамда да жер мен жесір дауы әрқашан болған және болады да!

Айгүл Орынбек

Фейсбуктегі парақшасынан

Некесіз туған бала шежіреге ене ме?
Киікті атқаның - қазақты атқаның
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу