Киікті атқаның - қазақты атқаның
Киік - ол Қазақ. Киікті атқаның - қазақты атқаның.
Табиғаттағы тепе-теңдікті реттейтін жаратушы Тәңір, адам емес. Ал әгәрәки адам Тәңірінің ісіне араласса, онда оны Құдай тас төбесінен ұрғаны. Қорықпаңдар, далаға киік қаптаса, ол басқа жаққа өзі-ақ шұбырып көшеді. “Мәселені” жауыздықпен шешкен адамның оңғанын көргем жоқ.
Киікті қынадай қырған екі адам туралы білемін. Екеуінің де өмірі дұрыс аяқталған жоқ. Ал, егер мемлекет киікті қырам десе, оған да зауал келетіні толықтай аян. Байқаңдар! Ойланыңдар! Құрығанда осыған шешім шығарған адам өз үрім-бұтағын ойласа нетті…
Ақберен Елгезек
Фейсбуктегі парақшасынан