«Өзінен үлкен жігіттер ұрған»: Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

Oinet.kz 15-04-2025 284

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 11-сынып оқушысы достарымен серуендеуге шығып, жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_22.jpg

Марқұм жасөспірімнің туыстары Сағындықтың өз ажалынан көз жұмбағанына сенімді. Олардың айтуынша, жасөспірімнің денесінде соққыға ұқсас іздер болған, сол себепті олар мәйітті сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Ақтау қаласына алып кеткен.

Жасөспірімнің достарының айтуынша, ауылда "үлкендер" (“старшактар”) деп аталатын топ бар. Олардың сөзіне қарағанда, сол күні әлгі "үлкендер" оларды қатарға тұрғызып, біртіндеп ұрып-соққан. Бір сәтте 17 жастағы Сағындық жерге құлап түскен. Достары оны ауылдағы медбикеге жеткізген, алайда медбике оның қайтыс болғанын айтқан.

Маңғыстау облысы полиция департаменті аталған факті бойынша күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

"Адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша күдікті ұсталды", — делінген ресми хабарламада.

«Осы жер адам өлмей жабылмайды деп ойлап ек»: Шымкентте 6 жасар бала кәрізге құлап мерт болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу