Ұлымды әскерге өзім жетектеп апарамын – Қорғаныс министрі

Oinet.kz 15-11-2023 268

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов баласын әскерге өзі жетектеп апаратынын айтты. Бұл туралы ол мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты. 

Фото: видеодан скриншот

"Қазір оның жасы жиырмада – студент. Оқуын аяқтаған соң өзі таңдаған бағыт бойынша әскерге өзім жетектеп апарамын. Дегенмен арнайы құрылымдарға барғаны дұрыс деп ойлаймын", – деді Жақсылықов. 

Еске салайық, мәжілістің жалпы отырысында Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге міндеттеу туралы норма әзірлеуді ұсынған еді. Алайда министр шенеуніктерді және балаларын әскерке міндеттеу бойынша бөлек норма қажет емес екенін айтты. 

Сондай-ақ ол шенеуніктердің қайсысы балаларын әскерге өз еркімен жібергенін айтып берген. 

"Қыңыр мүдделі" топтардың араласуымен зорлық-зомбылыққа қатысты заң нормаларын үкімет қолд
Елімізде сот орындаушылары қай шотты бұғаттай алмайды – Заңгер жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу