Қазақстанның тұңғыш Президенті қазіргі Президентпен кездесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті деп хабарлайды Еlbasy.kz сайты.
Кездесу барысында ағымдағы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды. Сондай-ақ, елдегі қоғамдық-саяси жағдайлар мен азаматтық қоғам институттарының дамуына ерекше назар аударылды.