Әйгілі композитор Димаштың қандай адам екенін айтты

Oinet.kz 29-07-2019 1984

Screenshot_4.jpg

Әйгілі композитор Игорь Крутой Димаш Құдайберген туралы ойымен бөлісті. Әлемге танылған қазақстандық орындаушы жайында Ресейдің халық әртісі ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Өз сұхбатында ресейлік композитор Димашпен қалай танысқанын да баяндап беріпті.

"Димаш әкесі екеуі менің досымның әнінің тұсаукесері кезінде қасыма келді. Ол ыңылдап бір әндерді айта бастады маған, сөйтсем ол "Жаңа толқын" фестивалінде қойылған менің әндерімнің барлығын жаттап алыпты. Телевизордың алдында отырып, осы байқауға қатысуды қалай арман еткенін де айтты. Осының бәрін ол қобалжып тұрып, шын пейілімен жеткізді. Жақсы адам екені бірден көрінді. Иә, өте жақсы жігіт, адамгершілігі мол, кез келген қысылмай-қымтырылмай емін-еркін сөйлесе кетеді онымен, - дейді атақты сазгер.

Screenshot_3.jpg


Сұхбат барысында тілші Игорь Крутойды Димаштың Ресейдегі "өкіл әкесі" деп атапты.

Мәдениет және спорт вице-министрі Түркістан қаласындағы тарихи орындарды аралады
Қазақстанның тұңғыш Президенті қазіргі Президентпен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу