Домбыра маусымы басталды
12-04-2024
Бүгін Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Еркінұлының 101-К-М бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары болып Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы тағайындалды.
Әзімхан Қойлыбаев 1973 жылы 29 қаңтарда Түлкібас ауданы, Корниловка ауылында дүниеге келген.
Ол Қазақ ұлттық аграрлық университетін және М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін тәмамдаған. Мамандығы - заңгер.
Әзімхан Серікұлы алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы қызметінен бастаған. Ал 2002 - 2005 жылдар аралығында Түлкібас аудандық спорт, туризм және жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы, 2005 - 2006 жылдары аудандық білім және спорт бөлімі басшысының орынбасары, 2006 жылғы ақпаннан желтоқсан айына дейін Түлкібас ауданы әкімінің көмекшісі, 2006 - 2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Қоғаммен байланыс мониторингі бөлімінің бас маманы, 2008 - 2009 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментінің бас сарапшысы, 2009 - 2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, 2012 - 2013 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі xатшылығының меңгерушісі - басқарма басшысы, 2013 - 2015 жылдары ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары, 2016 - 2017 жылдары ОҚО әкімі аппаратының қоғамдық мониторинг бөлімінің бас инспекторы, 2017 - 2018 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, 2018 жылғы шілде және тамыз айлары аралығында Астана қаласының банк, мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы қызметтерін атқарған.
Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы