Мас халде көлік тізгіндегуші қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды
Мақтаарал АПБ-нің патрульдік полиция тобының инспекторлары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстарды үнемі өткізіп отырады. Осындай кезекті тексеріс кезінде, полицейлердің назарына жүрісі күдікті, жарық шамын жақпай, қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігі ілінді.
«Атакент-Мырзакент» тас жолында анықталған көлік, полицейлермен бірден тоқтатылды. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын қарау барысында, оның алкогольдік ішімдік ішкені күмәнданды. Медициналық зерттеу қорытындысы жүргізушінің «жеңіл дәрежелі» мас екенін растады.
Осылайша жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593, 602, 230-баптарымен үш бірдей хаттама толтырылды. Сондай-ақ мас күйде көлік тізгіндегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» тіркеуге алынды.
Жүргізушіге қатысты жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде көлік иесі 15 күн әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқармауды қатаң түрде ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі