Полицейлер 1 үйір жылқыны талан-таражға салған жылқышыны анықтады

Oinet.kz 21-09-2022 513

Screenshot_3.jpg

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол танысына  бағу үшін 12 бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда жылқышы ірі қараларды талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 4 000 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

 Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдікті ер адам анықталды. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің малын  сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады. Сондай-ақ мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру қажет. Ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Қырағы болып тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдаңыздар.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тоқаев Ресейді сынға алды
Түркістан облысының полицейлері шетел азаматынан есірткі затын тәркіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу