Тоқаев Ресейді сынға алды

Oinet.kz 21-09-2022 1372

Screenshot_5.jpg

Ресей бүгін тағы да халықаралық құқық, құжаттар, ережелер мен заңдар дегенді аяққа таптап, мыжып, езіп, Украинаның төрт облысын қосып алу туралы псевдореферендумдар жариялады. 

Осы сәтте Тоқаев БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 77 шақырылымында сөз сөйлеп жатқан болатын. Оның мына сөзі Ресейге бағыттала айтылғандай екен

“Осыдан 77 жыл бұрын БҰҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттер Ұйымның Жарғысына халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын енгізді. Бұл ережелер осы уақыт аралығында біздің қызметімізді тиімді реттеп келді.

Қазір осы әмбебап Ұйымның негізінде қалыптасқан іргелі қағидаттарға қайта оралу аса маңызды. Атап айтқанда,  біз мемлекеттер егемендігінің теңдігі, мемлекеттердің территориялық тұтастығы, мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі секілді бастапқы үш қағидат арасындағы байланысты қайта зерделеуіміз қажет. 

Бұл үш қағидат өзара бір-біріне тәуелді. Осы қағидаттардың бірін сақтау қалған екеуін ұстануды білдіреді. Ал олардың бірін бұзу, басқа екеуін бұзған болып саналады”.

Расымен де БҰҰ-ның осы басты қағидалары сақталмаса, әлемде хаос, қақтығыстар мен соғыстар болады. Үздіксіз. Тарихқа қарайықшы. Бірінші жаһан соғысынан кейін Ұлттар Лигасы құрылды. Оның басты ережелері мен қағидалары дұрыс іске аспады, ол екінші жаһан соғысына әкелді. Екінші дж соғыстан кейін бірден БҰҰ құрылды. Иә, оған қатысты түрлі сын бар, реформалау қажет екені де шындық. Бірақ ол үшінші дж соғысты болдырмай тұрған жалғыз институт. 

Міне, осы институттың бар қағидасын өрескел бұзған солтүстік көршіміз әлемді үшінші соғысқа әкеле жатқандай. Ол әлбетте ядролық соғыс болуы ықтимал. Тоқаев ол туралы да айтыпты, ядролық қақтығысқа әлем өте жақын тұр депті. Оны жақындатып отырған - Ресей. Қит етсе ядросын айта кететін де солар. 

БҰҰ вето атысып қана отыратын ұйым болып қалмай, қатаң шешім қабылдай білетін ұйым да болуы керек. Уақыты келді, тіпті өтіп барады.

Асхат Қасенғалидың Facebook парақшасынан

Күзет аймағын сақтау бойынша жедел ақпарат
Полицейлер 1 үйір жылқыны талан-таражға салған жылқышыны анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу