Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қазіргі қыздар пысық. Мәхірге пәтер, көлік сұрайды. Біз тым ақымақ болыппыз. Молда некемізді қиып "Күйеуіңнің шамасы келетін зат сұра" десе, соның өзіне ұялып, бөртіп - қызарып, ыңғайсызданып "Алтын жүзік" деген сөз аузымыздан зорға шыққан. "Алып беремін!" деп сөз бергенде бақыттан басымыз айналған. Міне бесеуін тудық қой!
Алтын түгілі тас та жоқ. Әлжеліден "мәхір" туралы оқып қалсам, ара-тұра миын шайнап "алтын қайда?" деп сұрап қоямын. Ол да қарап отпай жауабы дайын, бір бәлені бастайды, мен қостап қойып қырғын шықпай тұрғанда қоя қояйын деймін ғой.
Шынында қазіргі қыздар пысық. Ниетіне қарай "Көлік алып бер!" десе, алып бере салатын күйеу тап бола салады. Қазіргі қыздар іштей оқып туған, Оларды алдаудың, онша-мұншаны үйретудің қажеті жоқ. Біз ше? Біз шынымен тормоз болыппыз. Очки киіп алған жігіт "Очкиді Алматыдан арнайы сатып алдым, бұл очки қыздарды жалаңаш етіп көрсетеді" десе сенетінбіз.
Сенген былай тұрсын, қай қуысқа қашарымызды, не қай тұсымызды көлегейлерімізді білмей жыларман күйге түсуші едік. Көшедегі очки таққан жігіттер жүзімізге ұзағырақ қарап қойса " Мына албастының очкиі анандай очки-ау" деген күмәнді ой туып, очки шығаратын фирманы өртеп жібергіміз келетін.
Аңқаудың аңқауы болыппыз. Аңқау кезде күйеуге тиіппіз қысқасы. Жігіттің малына да, талына да қарамаппыз. Тиген деген осы екен - деп тиіп кете беріппіз. Қазіргі қыздар молодец!
"Болашақ күйеуінен мәхірге оны - мұны сұраймын, қалың малым пәлен млн -деп жүрген қыздарға "Очкиім осындай еді" деп айтып көріңізші сенер ме екен?
Салтанат Абылбекованың Facebook парақшасынан