Шымкентте заңгерлер халыққа тегін кеңес берді

Oinet.kz 20-09-2022 448

Screenshot_3.jpg

Шымкентте М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. 

Акцияға белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. сала өкілдері қолдау білдірді.

Сондай-ақ халықты қабылдау процесін ұйымдастыруға волонтерлар белсенді қатысып, олар тұрғындарды сұрақтарына байланысты қажетті мамандарға бағыттап отырды.

Айта кетейік, акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Бүгінде «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар өз алғыстарын білдіруде. 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.

Карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» өткізу тоқтатылды. 2022 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданды.

Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ауқымы мен географиясы бойынша әлемде теңдесі жоқ.

Үш жасар баласын бала күтуші ұрып өлтірген
Қазіргі қыздар өте ақылды. Бұрынғы қыздар - тормоз болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу