Bokei зауыты күніне 100 мың қыш шығарады

Oinet.kz 01-09-2022 1335

Ордабасы ауданындағы Bokei автоматтандырылған қыш зауыты тәулігіне 100 қыш шығаруға қабілетті. Мұнда 3 ауысымда 60 маман жұмыс істейді. Зауыт Жапония, Грекия, Украина елдерінің қондырғыларымен жабдықталған. Зауыт қазіргі таңда Түркістан облысын сапалы қышпен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар зауыт Қазақстанның барлық аймағына қыш жеткізе алады. 

Screenshot_5.jpg

Bokei қыш зауытының құрылтайшысы Нұралы Әбішевтың айтуынша, зауыт 2013 жылы жұмысын бастаған. Ол кезде қондырғылар Қытайдан жеткізілген. Дегенмен қытайлық зауыт көңілден шықпаған. Сол себепті де зауыт басшылығы Jusan банктан қолдау алып, өзге мемлекеттерден сапалы қондырғылар сатып алған. Нәтижесінде зауыт жұмысының өнімділігі артқан. 

- Зауыт жұмыс істей бастаған бюджетке жылына 200-300 млн теңге салық түсіре бастадық. Зауытта жергілікті жастар жұмыс істеп жатыр. Оларды қондырғылармен жұмыс істеуге украин мамандары үйретуде. Қара жұмыс десе көпшілік ауыр жұмысты елестетеді. Бірақ бізде олай емес. Мамандар заманауи технологиялармен автоматтандырылған жерде арнайы формамен жұмыс істейді, - дейді Нұралы Әбішев.  

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды
Шымкентте ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу