Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өңірлік филиалы мен желілік бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Талдау барысында темір жол көлігімен жолаушылар және жүк тасымалы саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау себептері мен шарттары зерделенетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат және талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстарды taldau2021.2022@gmail.com электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды. Осы саладағы сыбайлас жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытыңыз!