Болат Назарбаевтың басынан бақ ұшты
19-04-2023
Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер мен саудагерлерге қолдау көрсету мақсатында Түркістан облыстық мәслихаты үндеу жариялады.
«Қымбатты жерлестер! Құрметті ірі бизнес өкілдері!
Біз Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары атынан өрт салдарынан зардап шегіп, қиындыққа тап болған Жетісай орталық базары кәсіпкерлері мен саудагерлеріне көмек көрсетуге шақыру мақсатында ҮНДЕУ арнап отырмыз.
Апаттың айтып келмейтіні – ақиқат. Сондықтан осы қиындықта біз, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара отырып, бірлікті ту еткен ел екенімізді дәлелдеуге тиіспіз.
Еліміз ортақ, жеріміз ортақ, яғни, жетісайлық бауырларымыздың басына түскен бұл ауыр жағдай да бəрімізге ортақ. Ендеше барлығымызға азаматтық таныта отырып, қолымыздан келгенше зардап шеккен бауырларымызға жан-жақты материалдық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету – басты парызымыз болып табылады.
Қазіргі таңда Түркістан облыстық мәслихаты зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында арнайы ұйымдастыру іс-шараларын шұғыл бастап кетті.
Осы орайда біз өңіріміздің барлық бизнес өкілдерін, қалталы азаматтарымыз бен жомарт жандарды көмек көрсету жұмыстарынаатсалысып, мүмкіндігінше қаржылай көмек беруге шақырамыз.
Дана халқымыз «Біріккен бітіреді, ұйымдасқан – ұтады» демекші ынтымағымызды ту етіп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетейік, ағайын!», делінген мәтінде.
Жетісайдағы өртенген базар кәсіпкерлеріне шығындарын өтеу мақсатында қор ашылды. «Түркістан» Корпоративтік әлеуметтік даму қоры арқылы тілсіз жаудан жапа шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетуге болады.
Қордың реквизиттері төменде:
БИН 100 440 016 000
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
KZ886010001000002491
БИК HSBKKZKX
Кбе 18
«ForteBank» АҚ
ИИК KZ7196528F0007014
БИК IRTYKZKA
Мекен-жайы: 161200, Қазақстан Республикасы,
Түркістан қ-сы, Карағанды тас жолы, 34А үйі
e-mail: kfsr_turkestan@mail.ru
Директоры Орынбаев Жандос Мусуралиевич
+7-778-188-87-77