Тоқаев Қытайдың қорғаныс министрімен кездесті

Oinet.kz 26-04-2022 855

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің мүшесі, қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Screenshot_5.jpg

"Қазақстан мен Қытай әлемдік аренада, ең алдымен, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында жақын серіктестер саналады. Сондықтан екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі даму деңгейіне көңілім толады", – деді президент.     

Өз кезегінде Вэй Фэнхэ Қытай тарапының осы саладағы өзара тиімді кооперацияны одан әрі дамытуға дайын екенін растады. Министр Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына жоғары баға берді. Сонымен қатар кездесуде халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды. 

«Арты жақсы болмайды»: Ресей АҚШ-қа қатаң ескерту жасады
Қаңтар көтерілісі – кедейлер көтерілісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу