Бес баласы тастап кеткен ана ұлдарына ауыр қарғыс айтты (видео)

Oinet.kz 27-08-2022 7947

Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғыны Сәрсенкүл Прекешова 60-тан асқан шағында қараусыз қалды. Айтуынша, бес ұлы, он алты немересі бар. Бесеуі де анасынан теріс айналып, бес жаққа кеткен. Тіпті үлкен ұлы қолына алудың орнына кетерінде анасының қолын сындырып кеткен көрінеді. Бұл туралы Koremiz Ютуб арнасы хабарлайды.

Screenshot_1.jpgСәрсенкүл Прекешованың айтуынша, басындағы баспанасын бермегені үшін балалары оны керексіз етіп тастап кеткен. Апа балаларын бағып-қағу үшін базарда сауда жасап ақша тапқан. Кейіннен балалары аяққа тұрған соң аналарынан тек ақша дәметкенке ұқсайды. Бірақ, телеарна журналистеріне олар аналарын не үшін тастап кеткендерін мүлде айтпай қойды. Сөйлесуден бас тартты. Ал көршілері Сәрсенкүл апа мінезді болғанын, кейде ішетінін жасырмады. Балалары аналарына ішуді қоюды сұрағанмен, аналары ішімдіктен бас тарта алмапты.   

Балаларына күйінген Сәрсенкүл апа:

"Қазір менің денсаулығым, жағдайым жоқ. Балаларым маған алимент төлесін. Мен оларды жетілдірдім. Бар жағдайын жасадым. Құдай берсін жазасын. Мен балаларыма разы емеспін. О дүниеде де, бұл дүниеде де разы емеспін", - деді апа. 

Белгілі зерттеуші өзін кәпір деген Бекболат Тілеуханның үстінен Президентке арыз жазды
Пәкістанда 900-ден астам адам су тасқынының құрбаны болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу