Пәкістанда 900-ден астам адам су тасқынының құрбаны болды
Пәкістанда маусымның ортасынан бері 937 адам су тасқынының құрбаны болды. Тасқын муссон жауындарының салдарынан басталған.
Пәкістан халықаралық ұйымдарды көмек көрсетуге шақырды. Себебі қазір ел билігі тасқын салдарын жою бойынша жұмыс істеп жатыр.
Билік су тасқынын онжылдықтағы ең үлкен гуманитарлық апат деп атаған. Барлығы 33 адам зардап шексе, оның 30 миллионы үйсіз қалған.
Табиғи апатпен күрес ұлттық басқармасының есебіне сәйкес, соңғы 24 сағатта елде 150 шақырым жол зақымдалып, 82 мыңнан аса үй толығымен немесе жартылай қираған.
БҰҰ гуманитарлық мәселелер бойынша агенттігі Пәкістан бойынша 184 мың адамның көмек көрсетуге арналған лагерьге орналастырылғанын мәлімдеді.