Нұр-Сұлтан әуежайына бомба қойылғаны туралы хабар тарады

Oinet.kz 28-07-2022 738

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы аумағына жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

«28 шілде күні сағат 09:46-да «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежай аумағында қолдан жасалған жарылғыш құрылғысының қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді», – делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежай аумағынан жарылғыш зат табылмаған.

Тәртіп сақшылары бомба туралы жалған хабар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.

Нұр-Сұлтанда футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды
Бақытбек Есентаев түрмеден шықты. Оны қарсы алуға қыздары келмеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу