Бақытбек Есентаев түрмеден шықты. Оны қарсы алуға қыздары келмеді

Oinet.kz 28-07-2022 1732

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев бүгін түрмеден шықты. Бұл туралы оның қарындасы Нағима Есентаева Instagram парақшасында хабарлады. 

Screenshot_1.jpg

Видеода Нағима Есентаева ағасын жора-жолдас, тамыр-таныс, жақындары түрмеден зор қошеметпен қарсы алып жатқандарын көрсетіп қуанышын жасыра алмады. Олар Бақытбек Есентаевты кафеге апарып, дастархан басында мәре-сәре болып отырады. 

Еске сала кетейік, Бақытбек Есентаев түрмеде 6 жыл отырды. 2016 жылы Бақытбек Есентаев әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақаттарын салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол соңғы 6 жылын Алматы облысы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында өткізді. Мұнда — ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді.

Айта кету керек, Бақытбек Есентаев түрмеден шыққанда оны қарсы алуға қыздары Айсәуле Бақытбек пен Айару Бақытбек келмеді. 

Нұр-Сұлтан әуежайына бомба қойылғаны туралы хабар тарады
«AMANAT»: Азық-түлік өнімдері шектік бағаға сай емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу