«AMANAT»: Азық-түлік өнімдері шектік бағаға сай емес

Oinet.kz 28-07-2022 580

Түркістан қаласындағы базарлар мен ірі сауда орындарының сөрелерінде қант 635-750 теңге аралығында сатылуда. Өзге де азық-түлік тауарларының бағалары «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық және қалалық филиалдары жанынан құрылған арнайы жұмысшы топтың сараптама жүргізуі барысында анықталды.

Screenshot_3.jpg

Мониторингке жұмысшы топ мүшелері Б.Билалов, И.Намазбаева, Ғ.Сәрсенбаев, Ж.Сүлейменова, Н.Жүсіпбаев, Б.Құлжабаев, М.Аманжол, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі белсенділері қатысып, екі бірдей сауда орындарына сараптама жүргізді. «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев мониторингтік топ жұмысының барысымен бөлісті. 

- Жергілікті тұрғындар көп шоғырланатын сауда орындарын араладық. Ең қажетті әлеуметтік азық-түлік жеткілікті екені анықталды. Халық көп тұтынатын 20-ға жуық өнімнің бағаларын бекітілген талапқа сай немесе сай емес екенін нақтылап, кәсіпкерлерді тауар бағасын себепсіз өсірмеуге шақырудамыз, - деді Ғ.Амантайұлы.

Сондай-ақ салыстырмалы түрде анық болғандай, қаладағы ең ірі сауда орындарының бірі «Қуаныш» базарында картоп бағасы – 200 теңге, сәбіз және пияз - 250 теңгеден сатылса, ал «Халық» сауда орталығы картоп құнын – 195 теңге, сәбіз – 160 теңге, пияз - 250 теңгеге бағалап отыр. Ал сиыр етінің орташа бағасы 1853 теңгені құрауы тиіс. Дегенмен базарлардағы сатылым бағасы - 2500 теңге.  Сары майдың шектік құны - 1315 теңге болса, сауда орындарында 1000 теңгеден басталады. “Халық” сауда орталығының директоры Нұржан Тәліпов баға тұрақтылығы өнімнің тапшылығына байланысты деген пікірін білдірді.

- Азық-түлік бағаларының құбылмалы болуы тауарларды бізге алып келетін жеткізушілерге байланысты. Мәселен, қазір қызанақ бағасы - 95 теңге болса, қияр - 230 теңгеден сатылуда. Яғни, сауда орындарында қай өнім тапшы болса, сол заттың бағасы осылай өзгеріп тұрады,-дейді.

Аймақтық және аумақтық филиалдары жанынан құрылған жұмысшы топтар алдағы уақытта да әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағаларына талдау жұмыстарын тұрақты жүргізуді жоспарлауда. Сараптама нәтижелері жергілікті атқарушы органдарға жолданып, партия қадағалауында болады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Бақытбек Есентаев түрмеден шықты. Оны қарсы алуға қыздары келмеді
«Полиция қызметкері болып, әрі мас күйінде қылмыс жасап тұр»: Бозбаланы өлтірген күдікті қамалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу