Нұр-Сұлтанда футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды
Нұр-Сұлтан полиция департаменті футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"2022 жылдың 26 шілдесінде сағат 10:01 шамасында 102 нөміріне Петров көшесіндегі футбол алаңы маңынан 38 жастағы ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат келіп түсті", – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол сауға дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.