Анаңыздың табанынан ешқашан сүймеңіз

Oinet.kz 20-07-2022 2614

Қазір анасының аяғын сүйіп, желіге салатындар көбейді ғой. Сол әдет, жүдә, менің көңіліме қонбайды. 

Screenshot_1.jpg

Егер анам тірі болғанда, мен сондай әрекет жасауға ұмтылсам деймін де, онда анам маған: "Мен сені табанымды сүйсін деп туғам жоқ. Табанын сүймек түгілі, ешкімнің алдында жығылма. Хан басыңды көтеріп жүр" - деп ұрсар еді. 

Дұрыс, анаңды тірісінде қадірле, бірақ аяғын сүйіп емес. Барам деген жағына апар, алам деген затын әпер. Еш уақытта ол кісіге қатты сөйлеме. Міне, осы секілді тірліктер сенің оның аяғын мың сүйгеніңнен қадірлі. 

Со жазғандар анасының табанын сүйіп жұмақтың кілтін тауып алам деп ойлайды-ау?! Бұл өмір жасандылықты емес, шынайылықты сүйеді-дүр.

Еһ, анаң бір өлмес болсайшы...

Ержан Тәліптің Facebook парақшасынан

«Қол сұғылмайтын» адамдар саяси сахнадан кетті, Арканкергеннің құпиясын ашуға не кедергі?
БҰҰ әлемді жаппай ашаршылық күтіп тұрғанын болжады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу