БҰҰ әлемді жаппай ашаршылық күтіп тұрғанын болжады

Oinet.kz 20-07-2022 702

Әлемдік қауымдастық қазіргі азық-түлік дағдарысын елемейтін болса, жаппай ашаршылық, саяси тұрақсыздық пен бақылауға келмейтін миграцияға тап болуы мүмкін. БҰҰ бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі  “РИА Новостиге” сілтеме жасап. 

Screenshot_9.jpg

"Біз қазірдің өзінде бұрын соңды болмаған дағдарысқа тап болып отырмыз. Онымен стратегиялық тұрғыда және тиімді түрде күреспесек, бізді жаппай ашаршылық, ондаған мемлекеттердің тұрақсыздығы мен жаппай көші-қон күтіп тұр", - деді Бизли. 

БҰҰ өкілі келер жыл биылғыдан қарағанда әлдеқайда "нашар" болуы мүмкін екенін болжады. Сонымен қатар, Бизли әлемдік қауымдастық алдағы 6-12 ай бойы азық-түлік бағасының қымбаттауынан қиыншылықтарға тап болу ықтималдығы жоғары екенін атап өтті. 

Бизлидің пікірінше, Ресей мен Беларусьтен әлемдік нарыққа тауар жеткізуге шектеу қойылғандықтан, жағдай ушығып отыр. 

Анаңыздың табанынан ешқашан сүймеңіз
Құдай-ау, қайда сол шалдар?!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу